Тамызда СҚО-да әкімдер сайлауы өтеді

27 тамыз күні Солтүстік Қазақстан облысында әкімдер сайлауы өтеді. Өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Ғабит Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Шал ақын аудандарының басшылары ауыспақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Әкімдердің сайлауы облыстың аудандық маңызы бар 1 қаласында және 32 ауылдық округінде өтеді:
Айыртау ауданының Арықбалық ауылдық округі;
Айыртау ауданының Гусаков ауылдық округі;
Айыртау ауданының Нижний-Бурлук ауылдық округі;
Айыртау ауданының Қамсақты ауылдық округі;
Ақжар ауданының Кіші-Қараой ауылдық округі;
Ақжар ауданының Құлыкөл ауылдық округі;
Ақжар ауданының Ленинград ауылдық округі;
Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округі;
Есіл ауданының Алматы ауылдық округі;
Есіл ауданының Спасов ауылдық округі;
Есіл ауданының Тораңғұл ауылдық округі;
Жамбыл ауданының Архангельск ауылдық округі;
Жамбыл ауданының Кладбинка ауылдық округі;
Жамбыл ауданының Преснов ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданының Возвышенка ауылдық округі;
Мағжан Жұмабаев ауданының Чистов ауылдық округі;
Қызылжар ауданының Березов ауылдық округі;
Мамлют ауданының Қызыләскер ауылдық округі;
Мамлют ауданының Станов ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Андреев ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі;
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Көкалажар ауылдық округі;
Тайынша ауданының Донецк ауылдық округі;
Тайынша ауданының Краснаяполяна ауылдық округі;
Тайынша ауданының Тайынша қаласы;
Тимирязев ауданының Ақсуат ауылдық округі;
Тимирязев ауданының Мичурин ауылдық округі;
Шал ақын ауданының Аютас ауылдық округі
Шал ақын ауданының Семиполка ауылдық округі.

19 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қаралып, бекітілді. Әкімдер сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің жұмыс тәртібі бекітілді. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес сайлау құжаттамаларын әзірлеу туралы мәселе қаралды.

Сайлауда 25 жасқа толған азаматтар бақтарын сынай алады. Мерзім – 4 жылға дейін. Әкімдікке кандидаттар мынандай тәсілдермен ұсыныла алады:

-белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың өз мүшелерінің қатарынан. Бұл кезде саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидатты ұсынуға құқылы;

-дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолдауы болғанда өзін-өзі ұсыну жолымен.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Тағы оқыңыз: Айдарбек Сапаров азық-түлік бағасын бақылауда ұстауды тапсырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x