Тайынша ауданына биыл 57 отбасы көшіп келген

Биыл Тайынша ауданына 57 отбасы қоныс аударған. Солардың 52-сі еліміздің өзге өңірлерінен көшіп келсе, қалған 5-уі қандастар. Мұны орталық коммуникациялар алаңының жергілікті филиалында  өткен брифинг барысында аудан әкімі Берік Әлжанов жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл Тайынша ауданына еліміздің 8 өңірінен 175 адам көшіп келген. Олардың басым бөлігі қалалық жерде тұруға ниет білдірген.

«Түркістан облысынан-10, Алматы, Қызылорда облыстарынан-5, Жамбыл облысынан-3, Маңғыстау облысынан-1, Алматыдан-4, Шымкенттен-9, және Астана қаласынан 15 отбасы көшіп келді. Қоныс аударған 28 отбасы қалалық жерді таңдаса, 24-і ауылда тұрып жатыр. Көшіп келгендерге толығымен көмек көрсетілді. 12 жанұяға арнайы сертификаттар табысталып, олар баспаналы болды. 62 адам жұмыспен қамтылған. Дені ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүр», — деді Берік Әлжанов.

Сондай-ақ биыл Тайынша ауданына Моңғолиядан 4 және Қытайдан 1 отбасы көшіп келген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кей мектептерде сабақтар қысқартылды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x