Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жаза күшейтілді. Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер осы айдан бастап күшіне енді, деп Qazaqstan Media тілшісі Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Әкімшілік кодекске сай бұдан былай отбасыдағы кикілжіңге байланысты шақыртылған полицейлер әйелін немесе баласын ұрған азаматтарды арыз шағымсыз-ақ жазаға тарта алады. Өйткені, көп жағдайда полицейлер шақыртуға барған кезде отбасы мүшелері татуласып, жәбірленуші арыз жазудан бас тартып жатады. Ал, тәртіп сақшылары кеткен бойда жанжал қайта жанданып, жағдай тіпті ушығып кетуі мүмкін. Сондықтан полицейлер енді жағдайға өздері құқықтық баға беріп, агрессорды бөлімшеге алып кете алады. Жазаны сот тағайындайды.
«Сотта құқық бузушының жәбірленушімен татуласуға мүмкіндігі бар. Бірақ соңғы өзгертулер бойынша тек бір рет қана татуласа алады. Яғни, отбасылық жанжал жасаған шығарған тұлға бірінші рет жәбірленушімен татуласса, бұл әрекеттері келесі қайталанғанда сот оларды татуластыруға енді заң бойынша құқығы жоқ», — дейді ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақмарал Серікбаева.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жер үйде өрт шығып, 2 адам көз жұмды