Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті

Тасқын су Қызылжар ауданындағы Долматово ауылына жетті. Қазір елді мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Qazaqstan Media тілшілері эвакуацияланып жатқан қызылжарлықтармен тілдесті.

Жасы 70-ке таяп қалған Мария Макарова Долматово ауылында туып-өскен. Осында отбасын құрып, бала-шағасын өсірді. Қазір немерелерін тәрбиелеп отыр. Соңғы уақытта кейуана күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Өйткені, оның үйі елді мекеннің төменгі жағында орналасқан.  

Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті

«2017 жылы тасқын су көршілерімнің үйіне жетті. Менің үйім аман қалған болатын. Ал биыл қыста қар қалың жауды. Сондықтан көктем басталғалы қалай болады деп уайымдадым. Жаңалықтардан үлкен судың келе жатқандығын естідік. Оның үстіне құтқарушылар көршілес жатқан ауылдарға су жетсе алдын ала эвакуациялау болады деп ескертті», — дейді Долматово ауылының тұрғыны Мария Макарова.

Ал кеше кешкісін тасқын су ауылға жеткен. Содан тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріле бастаған.

Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті

Тұрғындарды эвакуациялау жалғасуда: Тасқын су Долматово ауылына жетті

«Кеше үйдегі заттарымды жинап, осында тұратын ағамның үйіне әкелдім. Өзім де соның баспанасын уақытша паналаймын. Төрт түлікті де кеше осы жаққа айдап алып келдік. Бүгін үйімнің маңына барып көріп келдім. Ауланы су басып қалған. Түнде үйге де кіреді. Әрине, өкінішті. Бірақ қолдан келер шара жоқ», — дейді Мария Макарова.

Жалпы Долматова ауылындағы 91 үйге су кірген. Тұрғындардың барлығы алдын ала эвакуацияланған.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай Соколовка, Большая малышка елді мекендерінде де орын алған. Аталған ауылдардың халқы да қауіпсіз жерге көшірілді. Олар үшін Пеньково, Пресновка, Налобино және Виноградовкада эвакуациялық пунктер жасақталған.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы эвакуациялық пункттерде 109 бос орын бар

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x