Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс бабымен Уәлиханов ауданында болып, Кішкенекөл, Жасқайрат және Қайрат ауылдарына барды. Қайрат ауылында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Жұмыс сапары барысында жолдар мен мектептерді жөндеу, қыста жолдарды күтіп-ұстау, сумен қамту және электр желілерінің тозуы сынды өзекті сауалдар айтылды. Өңір басшысы барлық мәселелерді бақылауға алып, жауапты мемлекеттік органдарға оларды шешуге тапсырмалар берді.
СҚО басшысы Ақжар және Уәлиханов аудандарының әкімдері, тиісті басқарма басшылары мен серіктестік директорларының қатысуымен жедел кеңес өткізді. Жиында көктемгі су тасқынына дайындықты, Уәлиханов ауданындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде жемшөптің жетіспеушілігін қарастырды.
Жемшөппен қамтамасыз етудің жоспары жасалды. Ауыл тұрғындарын шөп пен сабанмен қамту туралы шешім қабылданды. Өңір басшысы көмек қолын созған шаруаларға аудандар тұрғындарының атынан алғыс білдірді.
Тағы оқыңыз:СҚО-да жеті ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр