СҚО әкімі аппаратының басшысы болып Руслан Әлішев тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Руслан Қанатханұлы 1978 жылы дүниеге келген, СҚО тумасы.СҚМУ және Көкшетау университетін тарих және құқықтану мамандығы бойынша бітірген.Әр жылдары СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары, СҚО әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.Сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.Бұл тағайындауға дейін Руслан Әлішев «AMANAT» партиясының хатшысы қызметін атқарып келді.

Тағы оқыңыз:Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дәрігерлер баспаналы болды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x