СҚО тұрғыны қымыз өндіру үшін мал басын көбейтуде

Қызылжарлық ерлі-зайыпты Қаймақовтар бірнеше жыл бойы қымыз баптап келеді. Өнім ауылдастары мен Петропавл тұрғындарының арасында үлкен сұранысқа ие. Кәсіпкер алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қызылжар ауданына қарасты Чапаево ауылында тұратын Қаймақовтар отбасы екі мыңыншы жылдардың басында бизнеспен айналыса бастаған. Бастапқыда олар қорасындағы сиыр мен қой еті мен сүтін сатқан. Кейінірек олар қымыз дайындап, саудалай бастаған.  Бүгіндері ерлі-зайыптылардың 6 биесі бар. Келешекте кәсіпкерлер мал басын арттырмақшы.

СҚО тұрғыны қымыз өндіру үшін мал басын көбейтуде

СҚО тұрғыны қымыз өндіру үшін мал басын көбейтуде

«Қызылжар аудандық «AMANAT» партиясының филиалында «Ауыл аманаты» жобасы жайлы естідік. Шарттары бізді бірден қызықтырды. Кейін ақылдаса келе қатысуға ниет білдірдік. Мамандар маған бизнес-жоспар құруға көмектесті. Содан соң «Солтүстік» ӘКК 8,6 млн. теңгенің несиесін мақұлдады. Бұл ақшаға біз тағы бірнеше бас жылқы сатып алып, қымыз өндірісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», — дейді Дулат Қаймақов.

Кәсіпкер тұратын Чапаево ауылының орналасқан жері өте ыңғайлы. Елді мекен Астана мен Петропавл арасындағы республикалық тас жолда орналасқан. Сондықтан да болар сусынға деген сұраныс жоғары.

СҚО тұрғыны қымыз өндіру үшін мал басын көбейтуде

«Бұрын біз мұндай жоба туралы, оның мүмкіндіктері туралы білмедік. «Ауыл аманаты» елді мекен тұрғындарының дамуына, өз еңбектерінен пайда табуға көмектеседі. Ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Бұл ешкімге жасырын емес. Сондықтан олардың кішігірім ісін дамытуға көмектесу керек, өйткені қазір көп нәрсе қымбаттауда, мысалы, жем. Ал «Ауыл аманаты» жобасы адамдарды ынталандырып, мал шаруашылығымен айналысуға жағдай жасайды», — дейді кәсіпкер.

«AMANAT» партиясы ел үкіметімен бірлесіп әзірлеген «Ауыл аманаты» жобасы халықтың табысын арттыруға бағытталған. Жоба шеңберінде азаматтар ауыл аумағында кез келген қызметті дамытуға өздері үшін 2,5% несие ресімдей алады, сондай-ақ әлеуметтік-өндірістік кооперативтерге бірігіп, мал және көкөніс шаруашылығымен айналыса алады.

Тағы оқыңыз: «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x