Солтүстік Қазақстанда қар тоқтату жұмыстары қарқын алған. Бұл агротехникалық тәсіл өнім көлемін арттыруға септеседі. Бүгінгі күні өңір шаруалары 400 мың гектардан астам жерде қар тоқтату жұмыстарын жүргізген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл 3 млн гектардан астам жерде қар тоқтату жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күні соның 16 пайызында жұмыстар тындырылған.

«Биыл қыс қарға сараң болмады. Жауын-шашын көп жауды. Ал кейбір аудандардағы топырақтың метрлік қабатындағы ылғал қоры 63 см-ге жетеді. Осыны пайдаланған өңір шаруалары 464 мың гектар жерде қар тоқтату жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, бұл егіннің шығымына тікелей әсер етеді», — дейді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бас маманының міндетін атқарушы Әсем Қалуова.

Маманның сөзінше, қысқы жауын-шашын топырақты ылғалдандыруда шешуші рөл атқарады, бірақ қатты жел мен жеткіліксіз қар жамылғысы ылғалдың жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Яғни, бұл егінге теріс әсер етеді. Осыған байланысты, өңір шаруалары егістіктердегі қарды сақтау және топырақтың тиімді ылғалдылығын қамтамасыз ету үшін қар ұстау әдістерін белсенді қолданады.

«Шаруалар қарды ұстаудың әртүрлі әдістерін қолданады. Мысалы, қорғаныс құрылымдарын алқаптарда орналастырады. Топырақтағы ылғалдың сақталуын жақсарту үшін заманауи технологияларды енгізеді. Бұл шаралар топырақ құрылымын жақсартуға, оның құнарлылығын арттыруға және тұрақты және жоғары сапалы өнім алуға жағдай жасайды», — деп толықтырды маман.

СҚО шаруалары қар тоқтату жұмыстарын бастап кетті

СҚО шаруалары қар тоқтату жұмыстарын бастап кетті

Тағы оқыңыз: Бұрқасын, тұман: Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *