СҚО мектептерінде жұмысшылардың құқықтары қорғалмай келген

Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше мектепте жұмсышылардың құқығы бұзылып келген. Мәселен, Ақжар ауданындағы бес білім ордасы жұмысшылармен еңбек шартын жасамған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мемлекеттік мекемелердегі тексерулер барысында облыс прокурорлары жұмысшылардың құқығы өрескел бұзылғандығын анықтады. Ақжар, Қызылжар, Уәлиханов аудандарының оқу орындарында  524 қызметкер арнайы киіммен қамтамасыз етілмеген. Заң бойынша оларда мақта матадан тігілген халат, резеңке қолғаптар, қолғап, отқа төзімді алжапқыштар және т.б. болуы шарт.

«Қызылжар ауданында Еңбек кодексінің көрсетілген нормасына қайшы, жалпы білім беретін мектептерде үй-жай қызметкерлері резеңке қолғапсыз дезинфекциялау құралдарын пайдаланып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізген. Сонымен бірге Ақжар ауданындағы бес бірдей оқу ордасы Кодекстің 33-ші бабын бұзған. Яғни, 10 жұмысшы еңбек шартын жасамай жұмыс істеп келген», — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ал Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін мектепте басшылар мен жауапты тұлғаларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімдерін тексеру ұйымдастырылмаған.

Қазіргі кезде қадағалау органының актілері бойынша қызметкерлермен еңбек шарты жасалып, арнайы киім беру және лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: СҚО-да лицензиясынан айырылған адвокат әкім болып сайланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x