[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/C0054.MP4_snapshot_00.00.959-1.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Жақында ғана энергетика министрлігі фермерлер үшін дизель отынының бағасы сол қалпында қалатынын мәлімдеген еді. Ел бойынша көктемгі дала жұмыстарын іске асыру үшін 413 мың тонна бекітілді. Соның 73 мың 600 тоннасы солтүстікқазақстандық диқандарға бөлінді. Облыста аграрийлерді дизель отынымен қамтамасыз ететін 8 кәсіпорын бар. Олар 1 литрін 224 теңгеден сатады. Бұл нарықтағы бағадан 36 теңгеге арзан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Эталон Регион» ЖШС-і СҚ-ғы кепілдендірілген дизель отынын тасымалдайтын ең ірі кәсіпорын. Бұдан бөлек компания облыс аграрийлерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі күні серіктестік 315 диқанмен келісім шарт жасасқан. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына кәсіпорынға 19 мың 800 тонна бөлінген. 1 литрін бұл жерде 224 теңгеден сатып алуға болады.

«Ақпан, наурыз айларында 12 мың 500 тоннаға жуық дизель отынын сатып алдық. Соның 10 мыңға жуығы мұнай базаларына жеткізілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 4 мың 500 тоннасы берілді. Дизель отынын диқандар өздері келіп алып кете алады. Немесе біздің компания жеткізеді»,-дейді «Эталон регион» ЖШС директоры Мәден Жұмағұлов.

Қызылжар ауданында орналасқан «Сервис — ЖАРС» ЖШС-нің 6 мың 200 гектар егістік алқабы бар. 10 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер жылда дәнді және майлы дақыл мен қарақұмық егеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекет тарапынан осындай жеңілдік көрсетіліп жатқанына өте қуанышты.

«Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай жеңілдікке ризамыз. Аграрийлер үшін дизель отыны арзан болады дегенді естіп қатты қуандық. Осылайша, шығынымыз аз болмақ. Біздің басты мақсатымыз уақытылы егін егіп, мол өнім алу. Қазіргі таңда техникамыз көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын»,-дейді «Сервис-Жарс» ЖШС директоры Ғаббас Жантаев.

Өңір диқандары сәуірдің 20-сы ылғал жабу жұмыстарын бастап, кейін мамыр айының ортасында егін егуге кіріспек.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жаңа сүт фермасы ашылды

[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/C0037.MP4_snapshot_00.00.472.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x