СҚО-да өрт қауіпті кезең басталды

СҚО-да өрт қауіпті кезең басталды. Биыл ауа райының ыстық болуына  байланысты өрттің шығуы жиілемек. Бұл туралы облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта орман шаруашылықтары 23 өрт сөндіру техникасы және 87 трактормен жабдықталған, 16 орман өртін сөндіру бекеті бар. Орман қорын бақылау үшін 16 интерактивті бейнебақылау жүйесі орнатылған. Облыстағы жеті орман шаруашылығына өртті ерте анықтаудың автоматты жүйелерін сатып алу жоспарлануда.

СҚО-да өрт қауіпті кезең басталды

Былтыр 30 патрульдік автокөлік, сегіз тіркемелі өрт сөндіру модулі мен қондырмалары сатып алынды. Биыл екі өрт сөндіру көлігі, сегіз трактор және 12 квадрокоптер алу жоспарлануда. Орман шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілуі 87 пайызды құрайды.

«Барлық өрт сөндіру гидранттарын талапқа сай келтіріп, сондай-ақ суды толтыру үшін өрт сөндіру тіректерін салу шараларын қабылдау керек.  Елді мекендер мен балалар лагерлерінің айналасында ені кемінде сегіз метр минералданған жолақтарды құру қажет. Бұл кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша алдын ала іс-шараларды да күшейтіңіздер», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өткен демалыс күндері елімізде күн күрт жылып, кей өңірлердегі ауа температурасы 29 градусқа дейін жетті. Мамандар бұл көрсеткіш жылдағыдан жоғары дейді. Алдағы мамыр-маусым айларының болжамына сәйкес орташа ауа температурасы климаттық нормадан бірнеше градусқа арттық болмақ.

СҚО-да өрт қауіпті кезең басталды

Еске сала кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 100-ден астам өрт тіркелді. Шығын 50 млн теңгеден асады. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 23-і жарақаттанған.

Тағы оқыңыз:Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x