Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құрылыс саласында лицензия беру кезінде көптеген заң бұзушылықтарды анықтады. Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар кейбір компанияларға талапқа сай келмесе де берілгені белгілі болды. Яғни, лицензия алу үшін міндетті шарттарды орындамаған ұйымдар да құжат алған, деп жазады Qazaqstan Media.
Көптеген фирмалар бірдей мекенжайларды, бірдей өндірістік базаларды және бірдей құжаттарды көрсетіп, лицензия рәсімдеген. Бірақ кейін олардың нақты мүмкіндіктері талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған. Бұл бақылаудың тек қағаз жүзінде жүргізілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар, кадр мәселесінде де заңбұзушылықтар бар. Кейбір компаниялар лицензияны тиісті білімі мен жұмыс өтілі жоқ инженерлердің сертификаттары арқылы алған.
Прокуратураның ұсынуы бойынша 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта барлық анықталған заңбұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тағы оқыңыз: Тоқаев: Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, өзгеге үлгі көрсету

