Солтүстік Қазақстанда 11 жасар қызына пышақ сұғып алған анаға қатысты сот отырысы басталды. Іс облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды  Qazaqstan Media.

Еске сала кетейік, аталған оқиға былтыр күзде Уалиханов ауданының Өндіріс ауылында болған еді. Көпбалалы ана үй тапсырмасын орындамағаны және оқу дәптерін дұрыс жүргізбегені үшін қызының жамбас тұсына пышақ сұғып алған. Оқушы бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін облыс орталығындағы емдеу мекемесіне жөнелтілген. 11 жасар қыз ауруханадан шығарылған соң заңды өкілдеріне табысталды. Ал бауыр еті баласын жарақаттаған ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған оқиға 2024 жылғы 17 қыркүйекте ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (дәрменсіз күйдегі кінәлі адамға көрінеу жасалған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.  2024 жылғы 21 желтоқсанда жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, қазіргі уақытта қылмыстық іс Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда», — делінген облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

Сот жабық жағдайда өтіп жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да дүкенші жиырма бір жасқа толмаған тұлғаға сыра сатып, айыппұл арқалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *