СҚО-да қатты аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында кейбір оқу ордалары онлайн форматта оқып жатыр. Оған ауа температурасының төмендеуі себеп, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13-ші ақпанда болған ақ түтек бораннан кейін, өңірге қытымыр аяз келді. Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері -33 -38 градус суық болады.  Бүгіннің өзінде аяз күшіне мінген. Сол себепті, кейбір  мектептерде екінші аусымда оқитын балалардың сабақтары қысқартылған. Ал енді бірі, қашықтан білім алуда. 

Оқудың қашықтан, не мектепте өтетіндігін әр оқу орнының әкімшілігі шешеді. Бірақ қазірдің өзінде Петропавлдағы кейбір білім ордалары ата-аналарға «ертең таңертең  аяздың беті қайтпаса, бірінші кезеңде оқитын балалар үшін сабақ онлайн өтеді» — деп хабарлама таратып жатыр.

112 арнасынан 15-ші ақпан күні қатты бұрқасын болады деген хабарлама да таратылды.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны алаяқтарға сеніп 5 млн теңгесінен айырылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x