Миллиондаған инвестиция, жаңа асфальт және ондаған жұмысшы. Ғабит Мүсірепов ауданында тозған автожолдар жаңаланып жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғабит Мүсірепов ауданындағы жолдар жаңғыртылып жатыр.  Жол жөндеу бойынша бес ауқымды жоба негізгі бағыттарды қамтыған. Жұмыстарды жүзеге асыруға 2024–2025 жылдарды қамтитын екі жылдық келісімшарттар жасалған. Жалпы бюджет — 3,4 млрд теңге. Негізгі мақсат — ауылдарды, аудан орталықтарын және республикалық тас жолдарды байланыстыратын сапалы әрі қауіпсіз жолдар салу.

«Ауданда қатты жамылғысы бар автожолдардың ұзындығы — 891 шақырым. Оның 304 шақырымы — республикалық маңызы бар, 141 шақырымы — облыстық, 446 шақырымы — аудандық маңызға ие», — деді жергілікті әкімдік өкілдері.

Рузаевка мен Чернозубовка ауылдарын байланыстыратын жолда  мердігер «АртоСам» ЖШС шамамен 14 км асфальт төсеген. 2024 жылы 10 шақырымға  жуығына  жаңа жабынды салынды. Биылғы маусымда тағы төрт шақыоым  аяқталды. Күрделі учаскелерге ерекше назар аударылып отыр.

«16,65-шақырымда су өткізу құрылысы жөнделді.  Қазір 17,1-шақырымда темірбетон тюбингтерді орнату жүріп жатыр. Жобаның жалпы бюджеті — 893,9 млн теңге. Енді жол белгілерін орнатып, жолақтар  салу ғана қалды», — деп толықтырды мамандар.

Шұқыркөл – Андреевка – Раисовка жолында «МГА Дорстрой» ЖШС жұмыс істеуде. 676,5 млн теңгенің 480 млн-нан астамы игерілді.Тоғыз шақырым  асфальт төселді. Жұмыстар жалғасуда. Алда — жол белгілерін, су өткізгіш құбырлар маңына қисық сызықты бағаналарды орнату керек.

Көкшетау – Рузаевка – Шұқыркөл – Новоселовка – Саумалкөл – Червонное бағытындағы жол — ауданаралық қатынас үшін маңызды. Бұл жолдың бір бөлігін астаналық «Грант Строй Астана» ЖШС салып жатыр.

«Бұл ең ірі жоба, құны — 1,1 млрд теңге. 2025 жылға 350 млн теңге бөлінді. Тқрт шақырым асфальт төселді. Жол негізі 8,9 км-ге дайындалды, бес су өткізу құбыры орнатылды. Жобаны толық аяқтау үшін тағы 764,2 млн теңге қажет», — деді әкімдік өкілдері.

19,86–28,67-шақырым аралығындағы учаске бюджетке арзаныраққа түсті — шамамен 566 млн теңге. Қазір 450 млн теңгесі игерілді, жол төсемін жасау жұмыстары басталды.

Тоқты ауылына кіреберіс  жол да жаңаланып жатыр.  «Жасыл-Есіл» ЖШС мердігері бұзылған жол учаскесін қалпына келтіріп жатыр. Тюбинг құбыры орнатылды. Құбырлардың кіреберісі мен шығаберісін бетондау, 300 метрлік жол жолағын төсеу және профильдеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы бюджет — 156 млн теңге, оның ішінде 2024 жылы 96,4 млн теңге игерілген.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғыны бақшасынан снаряд тауып алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *