суға шомылу

Өңірде суға шомылу маусымы басталғалы 1 адам суға кетті. Оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын қала аумағындағы Есіл өзенінде болған. 1967 жылы туған ер азамат қайықта балық аулап жүріп батып кеткен. Бүгінде құтқарушылар рейдтік іс-шараларды қызу түрде жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірде 2 мыңнан астам өзен-көл бар. Соңғы 10 жыл ішінде облыта 216 адам су құрбаны болған. Олардың 34-і бала.

«Біз қазіргі таңда Қызылжар ауданы Байтерек ауылының маңындағы Есіл өзенінде тұрмыз. Бұл жерде шомылуға болмайды. Адам өміріне қауіпті. Сондықтан осыған ұқсас орындарға бармаңыздар. Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу қажет»,-дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иванников.

Соңғы жылдары орын алған оқыс оқиғалардың барлығы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тіркелген. Судағы демалушылардың денсаулығына ауа-райы да әсер етуі мүмкін.

Бүгінгі күнге дейін ТЖД өкілдері еріктілермен бірлесіп, 3 мыңнан астам рейд жүргізген. Сала мамандары суға шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Тағы оқыңыз: Қулыкөлде тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x