Солтүстік Қазақстан облысында пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан үй өртенді. Оқиға бесінші желтоқсанға қараған түні болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Бұл жолы тілсіз жау Қызылжар ауданында тіркелді. Бесінші желтоқсанға қараған түні
Боголюбово ауылында, Михина көшесінде жеке тұрғын үйдің шатыры өртенген. От 72 шаршы метр алаңға жайылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Мамандар,пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, яғни өртке қарсы бөліктің болмауы салдарынан шыққан деп отыр.
Жалпы өткен тәулікте облыста бір өрт оқиғасы, үш жану жағдайы болған. Мамандар екі авариялық-құтқару жұмыстары мен бір мектептегі жағдайды тіркеген. Сонымен қатар ТЖД мамандары бір іздеу жұмыстарына қатысуда.
Тағы оқыңыз: Петропавлда мектептің төбесіндегі сылақ құлап, үш бала зардап шекті