Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында жаңа сүт фермасы іске қосылды. Кешенді «Борисфен» серіктестігі ашты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа кешенді іске қосу үшін 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция құйылды. «Солтүстік» ӘКК жеңілдетілген несие ұсынды. Мұнда жаңа жұмыс орындары ашылды. Алдағы уақытта ферма тәулігіне 5 мың литр сүт өндірмек.

«Биыл облыста 13 сүт фермасының құрылысы басталады. Жыл соңына дейін 8 кешен іске қосылады. Жалпы, биыл облыста аграрлық салада 38 инвестжоба жүзеге асады, оның ішінде майды экстракциялау зауыты, сүт фермалары, бройлерлік құс фабрикасы, қой фермалары мен жылыжайлар бар. Бір мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады», — деп жазды облыс әкімі Айдарбек Сапаров өзінің Telegram каналында.

Айта кетсек, өңір жетекшісі Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарында өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарын аралап шықты. Ауыл тұрғындары және шаруаларымен тілдесті. Сонымен қатар, көктемгі тасқынмен күреске бағытталған шараларды да бақылап қайтты.

Тағы оқыңыз: Кәсіптен нәсіп тауып отырған жан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x