заңсыз ау аулау

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан аумағында заңсыз аң аулаудың 6 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Уылдырық шашу кезеңінің басталуына байланысты 15 сәуір мен 20 маусым аралығында Есіл, Нұра, Селеті өзендерінде және оның салаларында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы барлық су қоймаларында балық аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар полицейлер Есіл өзені мен оның салаларындағы төменде көрсетілген басқа да шектеулерді естен шығармау қажеттігін еске салады:

15 сәуір мен 15 мамыр аралығында – шортан, аққайран, көксеркені;

20 мамыр мен 20 маусым аралығында – сазан (карп);

1 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында – гаммарусты;

1 наурыз бен 15 маусым аралығында – artemia salina жұмыртқаларын;

1 маусым мен 15 шілде аралығында – өзен шаяндарын аулауға, жинауға, дайындауға тыйым салынған. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылдыққа аң аулаудың – 373, балық аулау ережелерін бұзудың 95 фактісі анықталды. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша бір қылмыстық іс қозғалды. Онымен қоса, заңсыз аңшылықтың 6 дерегі тіркелді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 7 ауылдық округ әкімі сайланады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *