[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/Свыше-200-литров-незаконного-алкоголя-изъяли-полицейские-СКО-из-частного-дома-1-1.png» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″]
СҚО полицейлері жекеменшік үйден 200 литрден астам заңсыз алкоголь тәркіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаңтар айында Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында учаскелік инспектор құрамында спирт бар ішімдіктерді заңсыз сату фактісін анықтаған. Жекеменшік жер үйден бес литрлік 43 пластикалық бөтелке мен басқа да ыдыстар тәркіленді. Жалпы лицензиясыз 219 литр алкоголь алынған. Ал заңсыз өнімді сақтап келген 40 жастағы тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы бойынша материал жиналды.
«Тәуліктің кез келген уақытында заңсыз сатылатын мұндай өнімдер заң бұзушылықтарға алып келуі, тіпті тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін», — дейді Есіл ауданы ПБ бастығы Ерлік Есләмбеков.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]