[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/Полицейские-СКО-задержали-подозреваемых-в-незаконном-отстреле-двух-косуль-3-1.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
СҚО полицейлері екі елікті заңсыз атып алған күдіктілерді ұстады. Енді браконьерлер 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға Айыртау ауданында орын алды. Браконьерлердің ізіне жергілікті учаскелік инспектор түскен. Жұмыс бабымен ауылдардың біріне бара жатқан полиция қызметкері жол жиегінде шаңғы іздерін байқаған. Содан орманға қарай бара бергенде жерде жатқан екі сібір елігінің етін тапқан. Ал сол маңда болған екі адам қашып кетеді. Бірақ тәртіп сақшысы олардың бірін танып қояды. Келесі күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен ауданның 22 және 28 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олардан аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Баптың 3-бөлігінің санкциясы адамдар тобымен жасалған қылмыс үшін 6 мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлдан бастап 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сондай-ақ, аң аулауға жеті жылға тыйым салу түрінде қосымша жаза қарастырылған», — дейді аудандық ПБ бастығы Марат Серкешев.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]