СҚО-да тарихи орын пайда болды

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір тарихи орын пайда болды, Шал ақын ауданындағы Байқара қорымы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ежелгі ескерткіш аумағын мұражайға айналдыру жобасына республикалық бюджеттен 55 миллион теңге бөлінді. Оған скиф-сақ тайпаларының ғибадатханасы салынып, құнды жәдігерлердің көшірмесі жасалды. Байқара ғибадатханасын ең алғаш болып 1956 жылы Кемел Ақышев бастаған экспедиция ашқан. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ-неміс археологтары зерттеді. Бұл – біздің заманымыздан бұрын V–IV ғасырға жататын скиф-сақ дәуірінің мәдениеті.

Тарихшылардың айтуынша, Байқара қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасыр адамдарының рухани мәдениетін сипаттайды. Скиф-сақ тайпалары бұл жерде түрлі діни рәсім өткізген. Ал сарматтар оны қорым қылды.

«Бұдан басқа РФ осы біздің Байқара ғибадатханасына ұқсас қорғандар табылған. Осы қорғандар мен біздің ғибадатханамыз скиф-сақ тайпаларының және сармат тайпаларының тұрған жерлерін көрсетеді және олардың көшпенділер болып жүргенін көрсетеді», — дейді Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы директорының орынбасары Жанат Баймүсенов.

Ежелгі ескерткішті Қазақ материалдық мәдениеті ғылыми-зерттеу және жобалау институты қалпына келтірді. Олар ғибадатхананы сол заманға сайма-сай етіп жасаған.

«Біз барынша түпнұсқалық материалдарды қолдануға тырыстық. Ағаш, топырақ – бәрі табиғи. Сонымен қатар нысанның бүлініп бұзылмауы үшін гидрооқшаулағыш заттар пайдаландық. Келушілерге ыңғалы жағдай жасалған», — дейді Қазақ материалдық мәдениеті ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры Ринат Құтдұсов.

Байқара қорғанынан 200-ге жуық артефакт табылды. Қазір олардың көшірмесі ғибадатхана ішіне қойылды. Енді оның есігі бәріне ашық. Тарихи орын Шал ақын ауданының орталығы маңында орналасқан.

Тағы оқыңыз: Петропавлда кене мен масаларға қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x