Оқушыларға үйретемін деп, өзі зардап шекті. Шал ақын ауданында мұғалім химиялық тәжірибе жұмыстарын жасап жатып, күйіп қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға 10-шы желтоқсан күні Сергеевка қаласындағы Кәкімбек Салықов атындағы орта мектепте орын алды. Химия пәнінің мұғалімі оқушыларға тәжірибелік жұмыстарды көрсетіп жатып, күйіп қалды. Өртті 9- сынып оқушылары бірден сөндірген.

Зардап шеккен ұстаз бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Педагогтың қолы мен мойыны және кеуде тұсы жарақаттанған. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келеңсіз оқиға жайлы білім басқармасы ресми түсініктеме берді.

«Кәкімбек Салықов атындағы орта мектеп директорының міндетін атқарушы жауапкершілікке тартылды. Ал зардап шеккен ұстазға да шара қолданамыз. Себебі, ол барлық техникалық қауіпсіздікті сақтау қажет еді», — деп хабарлады СҚО білім басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2026 жылы ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *