Қыстың қамын, жаз ойла! Солтүстіктегі ауа райын ескерсек, жылыту маусымына дайындық мәселесі әрқашан өзекті болып қала бермек.  Мәселен, өңірде жеке тұрғын үй секторына 402 мың тонна көмір қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше өңірде жалпы көмір қажеттілігі 550 мың тоннадан асады. Бюджеттік мекемелер 142 мың тонна жағады. Халық үшін қажеттілік 409 мың тоннаны құрайды.

«Қазіргі таңда облыста 46 мың тонна көмір дайындалған. Оның ішінде Қаражыра көмірінің 17,9 мың тоннасы, Майкүбіден шыққан отын- 11,7 мың және Шұбаркөл сортының 13,8 мың тоннасы әзірленді»,- деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұшанов.

Бюджеттік мекемелерді қара алтынмен үздіксіз қамту үшін 142 мың тонна қажет. Осы бағытта облыстық бюджеттен медициналық мекемелерге 294 млн теңге, білім беру мекемелеріне 1,7 млрд теңге бөлінген.

Айта кету керек,  биыл көмірдің бағасы өскен. Өткен жылы қара алтынның орташа бағасы 21 мың теңге болса, биыл 23 мың теңгені құрап отыр.

Тұтынушыларды алаңдатып отырған ең өзектә мәселе — көмір тапшылығы. Мұндай қиындық облыста соңғы рет 2021 жылы болған. Бұл жағдай биыл қайталана ма? Бейінді басқарма нақты жауап бере алмай отыр. Жағымсыз жайттың орын алуына вагондардың жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.

Жауапты мамандар тұрғындардан қыста қиындыққа тап болмас үшін, қазірден көмірді сатып алуларын сұрайды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда нашақорлықтың  алдын алуға арналған кезекті жиын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *