СҚО-да іздеуде жүрген ресейлік қылмыскер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон полициясында құжат істетпек болған ресейлік азамат ұсталды. Ол көрші елде бопсалаумен айналысқаны үшін 2023 жылдан бері іздеуде жүр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ресей азаматы Солтүстік Қазақстан облыстық көші-қон полициясына құжаттарын істетуге барған. Сол кезде оның көрші елде іздеуде жүрген қылмыскер екені анықталады.

«Ол Ресей Федерациясы Түмен қаласында жергілікті тұрғыннан 300 мың рубль мен Toyota Camry автокөлігін бопсалаған. Бұл істі өзге азаматтармен топ құрамында жасаған. Қазіргі кезде оны экстрадициялау үшін құжаттар дайындалып жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Жалпы ел бойынша, полиция іздеуде жүрген 647 шетелдік қылмыскерді ұстаған. Оның 34-і соңғы ай ішінде ұсталыпты.

Сонымен қатар, Қазақстанның тәртіп сақшылары барлығы 1596 қылмыскерді құрықтап, із-түссіз жоғалған 1058 адам табылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі баланың астан уланып, қайтыс болуына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x