СҚО-да биыл қаңғыбас иттерден 90-нан астам адам зардап шеккен

Петропавл қаласында қаңғыбас иттермен күрес мәселесі біраздан шешімін таппай келеді. Ветеринар мамандар заң аясында жұмыс істегендерімен, иесіз қалған үй жануарларынан зардап шеккендер көп. Биылдың өзінде 90-нан астам адамды ит қапқан, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ветеринарлық станцияның жұмысы мен ондағы мәселелер туралы қалалық қоғамдық кеңесте айтылды. Басты қозғалған тақырып – қаңғыбас иттерді жою. Ветеринарлар бұл мәселе әлі де ашық күйде қалып отыр дейді. Олар өздері атқарушы орган болғандықтан, иесіз жануарларды аулай алмайды. Ол үшін байқау жариялану керек. Биыл аталмыш оны алматылық компания ұтып алған. Енді қайтадан қосымша конкурс өткізіледі.  

«109 номеріне күн сайын тұрғындардан арыз түсіп жатады. Күніне 6-7 шағым түседі. Оған қоса Е-өтініш арқылы жазатындар бар. Мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Егер адамды ит қауып, жануарды ату керек болса, онда жазбаша арыздану керек. Сосын екі-үш куәгер адам болуы керек. Ал иттің өлексесін біз қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында арнайы пеште өртейміз», — деді Петропавл қалалық ветеринарлық станцияның директоры Сырғабек Байжанов.

Оның айтуынша, иттерден зардап шеккендердің арасында жануарлардың иелері де бар. Былтыр 788 адамды ит тістесе, соның 400-ден астамында тұрғындарды  өз жануарлары жарақаттаған. Биылдың өзінде 90 адам иттен зардап шегіпті.

Оған қоса, ветеринарлық станция директоры, мамандардың жоқтығын айтты. Айлық аз, сондықтан кадр жиі ауысады екен.

Петропавлда  иттерге арналған арнайы баспана салынса, ол бірқатар мәселелерді шешуге септесер еді дейді қоғамдық кеңес мүшелері.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданының белсенділері отасқандарына 55 жыл болған отбасыларды құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x