Солтүстік Қазақстан облысында Ресей Федерациясының Қорған облысының шекарасына дейінгі республикалық автожол жаңартылып жатыр. Оның жағдайын обләс ікімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді, деп жазады Qazaqstan Media.
Аталмыш жоба ұзаққа созылып кетті. Сондықтан қазіргі кезде оған қарқын беру керек. Жаңадан мердігер анықталып, бүгінде ол өз міндеттерін орындағуа кіріскен. Жыл соңына дейін жаңа жол арқылы жүру қамтамасыз етіледі. Бұл жол шекара маңындағы өңірлерді байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналып, логистика мен туризмнің дамуына серпін береді.

Аталған жол «Жаңажол» шекаралық өткізу пунктіне апарады. Онда да биыл ауқымды қайта жаңғырту және жаңарту жоспарланған. Жоба аясында жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу, кіреберіс және шығу бағыттарын бөлу, жолды төрт жолақты етіп кеңейтіледі. Заманауи тексеру жүйелерін енгізу және жарықтандыру орнату көзделген. Бұның барлығы шекарадан өтетін азаматтар үшін жайлы жағдай жасап, өту уақытын айтарлықтай қысқартуға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданындағы екі ауыл ішімдіктен бас тартты