Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылы диспансерлік есепте тұрған тұрғындарды профилактикалық тексерулерден өткізуге ерекше назар аударылмақ. Бұл шаралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүзеге асуда, деп жазады Qazaqstan Media.

Мамандардың айтуынша, қант диабеті, глаукома және гепатит секілді созылмалы сырқаттарды ерте анықтау мақсатында алдын ала скринингтер жүргізіледі. Мұндай тексерістер екі жылда бір рет ұйымдастырылып отырады.

Биыл онкологиялық ауруларды анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулер де күшейтіледі. Жатыр мойны обырын анықтау мақсатында 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдердің 90 пайызы скринингтен өтпек. Сонымен қатар, 40 пен 70 жас аралығындағы қыз-келіншектердің 80 пайызы сүт безі қатерлі ісігіне тексерілетін болады. Ер азаматтар арасында да түрлі онкологиялық ауруларды анықтауға арналған арнайы тексерістер жүргізіледі.

Биыл емханалық-амбулаториялық көмек көрсетуде диспансерлік есепте тұрған азаматтарды емдеуге ерекше басымдық беріліп отыр. Мамандар тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тегін медициналық тексерулерден дер кезінде өтуге шақырады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да Абайдың 180 жылдығына орай оқушылар арасында сайыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *