Синоптиктері 13, 14 және 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ал төтенше жағдайлар қызметі Солтүстік Қазақстанда екпінді жел мен бұрқасын болады деп ескеру жасап жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазгидомет мамандарының болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталмақ. Солтүстік аймақтар солтүстік циклонның ықпалында қалса, оңтүстік өңірлерге оңтүстік циклоны әсер етеді. Осыған байланысты қар жауып, боран соғуы мүмкін. Кейбір өңірлерде қалың қар жауады деп күтіледі. Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту хабарламаларын жолдап жатыр.

«13 ақпанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында да жел күшейеді деп күтілуде», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

Тағы оқыңыз: СҚО-да еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *