Жол апаты 28-ші қаңтар күні болған. Тайынша ауданында Мироновка ауылы маңында Toyota Camry көлігі аударылып, ер адам қаза болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Жол апатынан көз жұмған жігіттің жасы 19-да. Көлікті өзі тізгіндеген. Донецкое ауылы жағынан Тайынша қаласына бара жатқанда, рөлге ие бола алмай, машина жол жиегіне аударылған. Апат салдарынан жүргізуші көз жұмса, қасындағы екі жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Сурет ЖИ арқылы жасалды
Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылыс компанияларына лицензиялар оңды-солды беріліп келген

