2024-2027 жылдары 304 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда. Бұл «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында мүмкін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Өңірдегі интернеттің сапасы жайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов әкімдіктегі жиында айтқан болатын. 3 жыл ішінде жүз алпыстан астам ауыл интернетке қосылыпты. Ғаламтор сапасы да жақсартылған. Бүгінде екі жүз жетпіс бес мың тұрғыны бар без жүз отыз тоғыз елді мекен әртүрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтылыпты.
Облыс әкімінің айтуынша, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде 2024-2027 жылдары 304 ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарлануда.
«Мемлекет басшысының ауылдағы білім нысандарын жылдам интернетпен қамтамасыз ету» тапсырмасын орындау мақсатында облыс мектептерінің 100 % Интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен бірлесіп жылдамдықты арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы қосылады”, — деді әкім.
Тағы оқыңыз: Желтоқсан айында 2-5 жастағы балаларға екпе салынады – ДСМ