Жыл соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысында 330 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін оның 105 мың гектары алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Маусым айынан бері өңір аумағында жер ресурстарын басқару департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша талап-арыз жолдауда. Ескерілмеген жағдайда, пайдаланылмай жатқан аумақтар мәжбүрлеп тартып алынады. Мәселен, осы уақытқа дейін департамент 5,3 мың га жайылымдық жерді тартып алу туралы сотқа 2 талап-арыз жіберген.
«Биыл ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 65,5 мың га алаңда 32 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 37,9 мың алаңда 23 бұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 23 ұйғарым беріліп, Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Жалпы, 1,6 млн теңге сомасына 20 айыппұл салынды», — деді Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіш.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жол жүру ақысы қымбаттайды