Су тасқынынан зардап шеккендерді санаторийге жіберуге мүмкіндік бар – С. Жақыпова

СҚО-ға жұмыс сапарымен ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келді. Ол су басқан аудандарды аралап, зардап шеккендерге жасалып жатқан жағдаймен танысты. Сондай-ақ су кеткен жерлерде үйлерді қалпына келтіру жұмыстары қалай жүргізіліп жатқандығын көрді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірге келген министр Светлана Жақыпова Петропавлдағы Ойқала ауданына барды. Мұнда 1383 үй су астында қалған болатын. Қазір су біртіндеп кетіп жатыр. Бүгіндері арнайы бригадалар жасақталып, зардап шеккен үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Су тасқынынан зардап шеккендерді санаторийге жіберуге мүмкіндік бар – С. Жақыпова Су тасқынынан зардап шеккендерді санаторийге жіберуге мүмкіндік бар – С. Жақыпова

«11 ауданнан бізге мамандар көмекке келіп, арнайы бригадалар жасақталды. Іске барлығы 700 адам жұмылдырылған. Зардап шеккен аудандар учаскілерге бөлініп, әр қайсысына жауапты мамандар бекітілді. Ойқала ауданынан әлі су толық кеткен жоқ. Бірақ кей үйлер зерттеліп, мүлікті бағалау жұмыстары жүргізілуде. Содан соң қалыпына келтіруге жататын баспаналарда жөндеу жасалады. Ал тұрғын үй жарамсыз деп танылса, онда жаңа баспана беріледі», – деді өз баяндамасында қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Бүгіндері баспанасы тұруға жарамсыз деп танылған жеті петропавлдық отбасы қайталама нарықтан пәтер таңдап, көшуге дайындалып жатыр. Ал үйлерінен су кетпеген петропавлдықтар әлі күнге дейін уақытша тұруға арналған орындарды паналауда. Осы ретте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зардап шеккен тұрғындарды санаторийге жіберуге мүмкіндік бар екендігін айтты.

«Біз кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, тасқын судан зардап шеккен кей тұрғындарды санаторийге жіберу мәселесін шештік. Сөйтіп, мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы отбасыларды үй берілгенше шипажайға орналастыруға болады. Бұл – Алматыдағы «Көктем», Қостанай облысындағы «Сосновый бор», Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» және Ақмола облысындағы «Бурабай» санаторийлері. Сондықтан тез арада тізімді дайындап берулеріңіз қажет. Олардың жол шығындарын да өтеп беруге дайынбыз. Өйткені, бұл санаттағы адамдар үшін жатақханаларда тұру қиындау болуы мүмкін. Ал шипажайда бес мезгіл тамағы беріліп, медициналық қызметтер көрсетіледі», – деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ шаһар басшысы төмен орналасқан және ойпаң жерлерден суды мотопомпамен сору жұмыстары жасалып жатқандығын да айтып өтті. Бұл іске 540 құрылғы мен 27 бригада жұмылдырылған.

 

Су тасқынынан зардап шеккендерді санаторийге жіберуге мүмкіндік бар – С. Жақыпова

Айта кету қажет, бүгіндері Былғары зауыты мен Ойқала аудандарының кей жерлерінен су кеткен. Ал Заречный кентіне әлі өту мүмкін емес. Ол толық суда тұр.

 Тағы оқыңыз: Парижде өтетін Олимпиадаға бір солтүстікқазақстандық спортшы жолдама ұтып алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x