Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Мұнда тасқын су Келлеровка, Ясная поляна ауылдарына қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгіндері облыстағы 31 жол учаскесін су басып қалған. Екі жағдайда мамандар жолды бұзып, суды өткізіп жіберуге мәжбүр болды.
«Тайынша қаласының маңындағы сорғы станциясын су басу қауіпі болды. Сондықтан біз суды өткізу үшін жолды бұздық. Әйтпесе, тұрғындар сусыз қалатын еді. Қазір аталған жолмен қалаға кіру мүмкін емес. Тағы осы аудандағы Литовочное ауылының маңында да жолды қазып тастауға тура келді», — дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерден Шортыбаев.
Тағы бүгін Покровка елді мекенінің маңында республикалық жолдың үстімен су жүріп өткен. Мамандар әзірге, бұл жағдай тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіріп отырған жоқ дейді.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Хорватия елшісімен кездесті