Су тасқынынан зардап шеккендерге түрлі сала мамандары тегін кеңес беріп жатыр

Петропавлдағы СҚ кәсіби педагогикалық колледж жатақханасында судан зардап шеккен 108  адам уақытша орналасқан. Оларға алғашқы күннен бастап қажетті көмек көрсетілуде. Материалдық көмек алу үшін барлығы өтініш жазған, кейбірі  бір реттік жәрдемақыны алып үлгерді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Тасқын судан зардап шеккендер СҚ кәсіби педагогикалық колледж жатақханасына осыдан екі апта бұрын келді. Содан бері оларға түрлі көмек көрсетіліп келеді. Қазіргі кезде азық-түлік, алғашқы қажетті тауарлармен қамтамасыз етілген. Жан жақтан гуманиткарлық көмек те жеткізіліп жатыр. Сонымен қатар, зардар шеккен жерлестерге тегін кәсіби кеңес те берілуде. Азаматтар көбінесе заңгер мен нотариустың көмегіне жүгінеді екен. Себебі, мемлекет тарапынан берілетін бір реттік жәрдемақыға өтінішті барлығы берген. Кейбірі ақшаларын алып үлгерген. Ендігі кезек баспананы бағалау, бүлінген мүлік үшін қосымша қаражат алу жағын нақтылап жатыр.

«Мұнда ең көбі 126 адам тұрды. Оның ішінде 29 бала, 15-і оқушы. Мүмкіндігі шектеулі 6 тұрғын болды. Бірден арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына білім, десаулық сақтау, еңбекпен қамту сынды басқарма мамандары кірді. Заңгер мен нотариустар да бар. Тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайында, егер өзгеріс болып жатса барлығы дер кезінде жеткізіліп отыр. Мысалы, оқушыларды қашықтан оқыту мәселесі шешілді. Материалдық көмек алу жағы да реттелді. Қазір кейбір үйлерден су кетті, енді мүлікті бағалау бойынша кеңестер беріледі», — деді қоғамдық штабтың  мүшесі Болат Қожахметов.

Жатақханада Қызылжар ауданының Ольшанка, Болшая Малышка ауылының азаматтары мен Петропавлдың шеткі аудандарының тұрғындары. Қазіргі кезде жатақанада 108 адам бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да су тасқыны салдарынан 100-ге жуық кәсіпорын шығынға батты

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x