СҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

Солтүстік Қазақстан облысында көзі тірі төрт Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Олар 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай 1,5 млн теңгеден алатын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратынша, облыста төрт ардагер бар екен. Олардың барлығы Петропавл қаласында тұрады.  Оған қоса жеңілдіктері бойынша ардагерлерге теңестірілген 3231 адам бар. Олар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылады.

«Биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1500 000 теңге беріледі. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезінде қажырлы еңбегі үшін КСРО ордендерімен немесе медальдарымен наградталмаған адамдарға 18460 теңгеден 100 000 теңгеге дейінгі біржолғы әлеуметтік көмек  төленетін болады», – деп хабарлады  СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі.

Биыл аталмыш біржолғы көмек төлеу үшін 69 млн теңге жұмсалмақ. Бұдан басқа, облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға тіс протездеу, санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін төлеуге, емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайту жолақысын төлеуге, коммуналдық қызметтер көрсетуге және отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: Су тасқынынан зардап шеккендерге түрлі сала мамандары тегін кеңес беріп жатыр

 

 

 

 

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x