Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша 150 АЕК мөлшерінде өтемақы төленеді

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қосымша 150 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы төленетін болады. Бұл туралы қаулыға кеше ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанда су 3419 үйге кірді. 14388 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Әсіресе Қызылжар ауданының кейбір ауылдары мен Петропавл қаласының шеткі аудандарында орналасқан баспаналар су астында қалды. Қазір облыста мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке өтініш қабылдау жүргізіліп жатыр. Ел бойынша 11 мыңға жуық отбасы 100 АЕК мөлшерінде төлем алған. Енді қосымша тағы көмек көрсетіледі.

«Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. 100 айлық есептік көрсеткішке қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін өтемақы төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады», — деді үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі: «Үйден су кетсе, бірден бағалау жүргізу қажет»

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x