Су тасқыны кезінде өткір соқырішекпен ауырған балаға көмек көрсетілді

14-ші сәуір күні Мамлют ауданының дәрігерлері 14 жастағы баланы өткір соқырішек ауруымен шұғыл облыс орталығына жеткізеді. Петропавл қаласындағы су тасқынына байланысты, олар полицейлердің көмегіне жүгініп, бала дер кезінде ауруханаға жатқызылды, деп жазады Qazaqstan Media  тілшісі.

Таңғы сағат 9 шамасында Петропавлдағы Ойқала ауданы арқылы мамлюттік дәрігерлер науқасты жеткізген. Жедел жәрдем көлігі көпір арқылы қалаға қарай келегінмен, тасқын судан өте алмай, оларға полицейлер көмектесті. Петропавл қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің жедел уәкілі Біржан Бәкіров баланы қайыққа дейін арқалап әкелді. Қазіргі уақытта Ойқала ауданында тек моторлы қайықпен ғана жүруге болады.  Бала мен оның анасын бергі бетте облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері  қабылдап алды.

«Балаға ота жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, орташа», — дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2000-нан астам үй су астында қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x