Солтүстік Қазақстан облысында табиғат пен тарихты ұштастыратын экотуристік маршруттар топтамасы әзірленді. Жаңа бағыттар өңірдің көркем ландшафттарын, мәдени мұрасын және туристік әлеуетін жақынырақ таныстыруға бағытталған, деп жазады Qazaqstan Media.

Жаңа экосаяхат бағыттарына жаяу, автобуспен және су арқылы жүретін маршруттар енген. Олар әртүрлі форматтағы саяхатқа бейімделген: қысқа қалалық серуендерден бастап, табиғи аумақтарға жасалатын бір күндік сапарларға дейін қамтиды.

СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді
СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді

Маршруттардың басым бөлігі Айыртау ауданының ең көрікті жерлері арқылы өтеді. Саяхатшылар Имантау мен Шалқар көлдерінің жағалауын аралап, «Буян» шатқалын, таулы жоталарды тамашалай алады. Сонымен қатар, бағыттар Петропавл қаласындағы тарихи және мәдени нысандарды да қамтиды.

СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді
СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді

Экомаршруттар белсенді демалысты ұнататындар үшін де, танымдық саяхатқа қызығатындар үшін де қолайлы. Олар өңірдің табиғи мұрасымен ұқыпты танысып, ерекше ландшафттарды көріп, Солтүстік Қазақстан облысының туристік мүмкіндігін тереңірек тануға жол ашады.

Туристік бағыттар туралы толық әрі өзекті ақпаратты ресми @visitsko парақшасынан алуға болады.

СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді
СҚО-да жаңа экосаяхат бағыттары әзірленді

Тағы оқыңыз: Ынтымағы жарасқан үлгілі отбасы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *