ҚР Денсаулық сақтау министрлігі пациенттің QR-код арқылы медициналық қызмет алу фактісін растау жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Оған Астана, Алматы қалаларының және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Дәрігерге бару фактісін растау үшін қолданылатын QR растауы емделуші мен дәрігердің арасындағы өзара іс-қимылды орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді.
«Емделуші емханаға келіп, EGOV mobile мобильді қосымшасының көмегімен дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлеп, келгенін растауы тиіс. Сондай-ақ, QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен – емхананың атауымен, медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алады, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын көре алады», — делінген ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратта.
Тағы оқыңыз: СҚО-да дүниеге келгендерден қайтыс болғандардың саны көп