Петропавл қалалық полиция басқармасының аға инспекторы Асхат Құрмашов «Үздік патрульдік полицей» атанды. Ол енді маусымда елордада өтетін республикалық сайыста өңір намысын қорғайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Байқау қатысушылары Макаров тапаншасынан ату, қауіпсіздік техникасын сақтау, заңнаманы білу бойынша тестілеу, физикалық дайындық және жол қиылысын реттеу сияқты тапсырмаларды орындады. Әсіресе, жол қиылысын реттеу кезеңінде қатысушылар теориялық білімдерін нақты әрекеттермен ұштастырып, өз шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде, Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Асхат Құрмашев «Үздік патрульдік полицей» атағына ие болды.
«2014 жылдан бастап қалалық патрульдік полиция батальонында қызмет етемін. «Кәсібінің үздігі» облыстық байқауында жеңіске жеттім, онда заңнаманы білу, дене шынықтыру және атыс даярлығы, жол қозғалысын қолмен реттеу дағдылары бағаланды. Мұндай байқаулар — өзін-өзі дамытуға және қызметке қажетті дағдыларды нығайтуға мол мүмкіндік береді», — дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Асхат Құрмашов.

Жеңіспаз атанған полиция қызметкері енді маусым айының басында елордада өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайды.
Тағы көріңіз: Петропавлдық оқушы Қазақстанның киелі жерлеріне арналған Telegram арнасын ашты