Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер істі болды

Солтүстік Қазақстанда белгілі аграрий Небиюла Сағындықовтың туған інісі Олег Сағындықовта сотталды. Ағайындылардың екеуі де кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Өткен аптада Qazaqstan Media редакциясы өңірге белгілі аграрий Небиюла Сағындықовтың оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталғандығын жазған болатын.

Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер істі болды

Дәл осындай баппен оның туған інісі де істі болған. Бір қызығы жәбірленуші екі жағдайда да «Б» есімді қыз болып шықты. Сотта Олег Сағындықовтың 2023 жылдың тамыз айында 16 жасқа толмаған қыздың келісімімен жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасағандығы анықталды. Оның кінәсі толық дәлелденді. Сөйтіп, Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Сағындықов ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлігі (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.

«Сондай-ақ педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына екі миллион теңге сомасында моральдық залалдың өтемақысы өндірілді», — делінген сот үкімінде.

Олег Сағындықов бірінші сатыдағы сот шешімімен келіспей апелляциялық шағым түсірген. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Олег Сағандықов ағасы сияқты аса танымал емес. Бірақ ол да ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен.

Солтүстік Қазақстанда тағы бір фермер істі болды 

 

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны үш мыңға жуық темекіні заңсыз сатпақ болған

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x