СҚО-да екі аудандық сот біріктірілді. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазақстан Республикасы президентінің 2025 жылғы 10 ақпандағы жарлығына сәйкес, Тимирязев аудандық соты мен Шал ақын аудандық соты біріктіріліп, Шал ақын ауданының ауданаралық соты болып қайта ұйымдастырылды.
Тиісінше, бұрын аталған аудандық соттарда қаралған барлық істер енді Шал ақын ауданының ауданаралық сотында қаралатын болады.
«Шал ақын ауданының ауданаралық соты Сергеевка қаласындағы Жеңіс көшесі, 44 мекенжайында орналасқан», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Петропавлда мектептен өрт шықты