«Солтүстік-2024» қысқы ойындарының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынға Қызылжар ауданының спортшылары ие болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Қысқы спорт ойындары биыл осымен 28-ші рет ұйымдастырылып отыр. Биыл 13 ауданынан келген мыңнан астам адам спорттың 13 түрінен сынға түсті. Олардың арасында керлинг, футзал, шайбалы хоккей, шаңғымен жарыс, шорт-трек сынды спорт түрлерінен жарыстар тартысты өтті.

«Солтүстік-2024» қысқы спорт ойындары аяқталды

«Сайыс қорытындысы бойынша спорттың барлық сегіз түрінен жақсы нәтиже көрсеткен Қызылжар ауданының спортшылары «Солтүстік-2024» ойынының чемпионы атанды. Екінші орынға  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның  командасы жайғасса,  шалақындық спортшылар қола жүлдеге ие болды. Жеңімпаз команда мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар табыс етілді. Бұдан бөлек, 500, 300 және 200 мың теңгенің ақшалай сертификаттары берілді», — деді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

«Солтүстік-2024» қысқы спорт ойындары аяқталды

Биыл «Солтүстік-2024» ойыны Қызылжар ауданында өтті. Ал келер жылы спорттық мереке Ақжар ауданында ұйымдастырылмақ.

Тағы оқыңыз:СҚО-да жеті ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x