СҚО-да «Жер-2025» республикалық-командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Осыған орай, Аққайың ауданы Смирново ауылында төтеншеліктердің жер сілкінісі кезіндегі дайындығы пысықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Әрине, солтүстікте жер сілкінісі деген атымен жоқ. Бірақ, оңтүстік аймақтарда жағымсыз жағдай орын алса, зардап шеккен адамдарға көмек көрсету міндет. Айта кету керек, шара 20-дан астам техника мен 50-ден астам жұмылдырылған.
Шара барысында сценарий бойынша облыста жойқын жер сілкінісі орын алды. Мамандар дүмпу кезінде жарақат алған жандарды бірден ауруханаға жеткізді. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялап, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
«Бұл шара төтеншеліктер үшін аса маңызды. Себебі, апат айтып келмейді. Кез келген жағдайға дайын болған жөн. Бүгін мамандардың тексердік. Көңілімізден шықты. Әрине, кішігірім олқылықтар бар. Оны түзету мақсатында алдағы уақытта жұмыстар атқарылатын болады», — деді СҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Дәурен Таубаев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да көлік қаққан велосипдеші ауруханада ес-түссіз жатыр