Солтүстік Қазақстанда егіннің 20 пайызға жуығы орылды

СҚО-да егіннің 645 мың гектары, яғни 18,9%-ы  орылып, 770,8 мың тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Орақ науқаны әсіресе, Жамбыл, Уәлиханов және Есіл аудандарында қызу жүріп жатыр. Шаруалар егіннің 20 пайыздан астамын құлатқан. Жалпы, солтүстікқазақстандық диқандар биыл 4,5 млн. гектар жерден астық жинап үлгеруі тиіс.

«Бүгіндері алқаптарда түрлі модификациядағы 13 мың 100 трактор, 7,5 мың комбайн (оның ішінде 3 мыңға жуығы өнімділігі жоғары машиналар) жүйіткіп жүр. Жыл басынан бері 43,3 млрд. теңгеге 1 660 бірлік техника сатып алынды», — деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Облыста 48 лицензияланған астық қабылдау пунктері  (сыйымдылығы 3,2 млн тонна) және агроқұрылымдарға тиесілі астық сақтауға арналған қоймалар (сыйымдылығы 3,6 млн. тонна) бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 6,8 млн. тоннаны құрайды. Жыл соңына дейін қуаты 22 мың тонна болатын тағы үш нысан ашылмақ.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қысқа жемшөп әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x