СҚО-да жаңа түрме салынады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің қылмыстық –атқару жүйесі комиеті QM редакциясының ресми сауалына берген жауабында жазды.
Жаңа түзету мекемесі Петропавл қаласындағы Северная көшесінде орналасатын болады. Ол үшін облыстық әкімдік жер бөлген. Жаңа ғимаратқа № 48 түзету мекемесінде, яғни Заречный кентіндегі түрмеде жазасын өтеп жатқандар көшірілетін болады.
«Қазіргі кезде №48 мекемесінің орналасу және жалпы жағдайына байланысты жаңа ғимаратты салу қажеттілігі туындап отыр. Облыстық әкімдік құрылыс үшін 29972 га жер бөлді. Қазіргі кезде мемлекеттік инвеститциялық құрылыс жобасы әзірленіп жатыр. Ұлттық экономика министрлігі құптағаннан кейін, республикалық бюджеттен қаражатқа өтініш жазылады. Шамамен құрылысқа 15 млрд теңге қажет. Жоба бойынша мекеме 1000 орынға болады», — деп жазылған қылмыстық-атқару комитеті берген жауапта.
Қазіргі кезде Солтүстік Қазақстан аумағында қылмыстық-атқару жүйесінің бес мекемесі бар. Онда 1700-ге жуық сотталған жазасын өтеп жатыр. Комитеттің жауабына сүйенсек, түрмедегі әр қылмыскерді ұсату үшін күніне 2600 теңге жұмсалады екен.
Айта кетейік, биыл көктемгі су тасқыны кезінде аталған түзету мекемесін су басқан болатын. Кейін мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал жазасын өтеушілер басқа түрмеге уақытша көшірілген болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавл әкімінің орынбасары болып спортшы тағайындалды