21-23 шілде аралығында Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер «Тасымалдаушы» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде облыста үш күнде 496 жол ережесін бұзу дерегі анықталды, деп жазады Qazaqstan Media.

Шараның мақсаты — өңір жолдарында жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рұқсат құжаттарын және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын тексерді. Сонымен қатар, еңбек және демалыс режимін бұзған жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударылды.

Үш күн ішінде Солтүстік Қазақстанда жалпы 496 түрлі құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда:

41 жүргізуші көлік құралын жүргізу құқығынсыз тізгіндеген;

7 адам бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан көлік жүргізген;

11 дерек мас күйінде көлік басқарумен байланысты болған.

Сондай-ақ, қауіпсіздік белдігін тақпау, жылдамдықты асыру және балаларды арнайы құрылғысыз тасымалдау фактілері де тіркелді.

Рейд барысында тәртіп сақшылары заңсыз жолаушы тасымалымен айналысқан 17 такси жүргізушісін анықтады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да газ баллоны жарылып, екі әйел жарақат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *