этноауыл

Солтүстік Қазақстан облысында балалар ерекше лагерьлерде демалысын өткізе алады. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын этноауылдар әзірге екі аудан орталығында ашылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың демалысына арналған этнолагерь — Қызылжар өңірінің бірегей жобасы. Үш жыл бұрын алғаш рет Жамбыл ауданында ашылған этноауыл, енді өңірдің басқа елді мекендерінде де жұмыс істейді.

«Әдеттегі лагерь корпустарының орнына балалар ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерде демалады. Мұнда ұлттық ойындар ойнатылады. Алтыбақан да құрылды. Әжелер қыздарға нан илеп, бауырсақ пісіруді үйретсе, ұлдар ағаш жоңқалап, самауыр қоюды меңгереді. Балалар демалыс барысында ұлттық дәстүрлермен танысып, оларға кей рәсімдер көрсетіледі», — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Шағын этноауылда балалар жылқыны күтіп баптаудың қыр-сырына қанығады, ерттеп мінуді үйренеді. Жалпы, демалып жатқан балаларды жалықтырмау үшін әр күннің өзіндік бағдарламасы бар.

этноауыл
Мәселен, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығы Новоишимка елді мекенінде «Туған өлке» этнолингвистикалық лагері №1 орта мектептің жанынан ашылды. Бес күн жұмыс істейтін этноауыл шамамен 1,5 мыңнан артық баланы қамтымақ.

Жалпы, биыл өңірде 20 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерімен қамтылады.

Тағы оқыңыз: Дүниежүзілік қан доноры күні

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x