https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-zh%d2%b1mysshy-%d2%9b%d2%b1rylys-ala%d2%a3ynda-%d2%9b%d2%b1lap-zhara%d2%9bat-aldy/

Солтүстік Қазақстанда көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Шаруашылықтар қауырт науқанға техникасын әзірлеп, жанар-жағармай сатып алған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда күзде 550 мың гектар жер жыртылып, 62 мың тоннаға жуық дақыл дайындалған. Жалпы, ауданда 3 тұқым шаруашылығы бар. Солардың бірі — «Тұқым» ЖШС. Шаруашылқ 1999 жылы құрылған. Кәсіпкер ісін дөңгелетіп қана қоймай, халыққа әлеуметтік қолдау да көрсетеді. Биыл шаруашылықтың егіс алқабы 44 мың гектарды құрайды. Ол жерге бидай, арпа, бұршақ және мал азығы егіледі. Осы мақсатқа серіктестік 5 мың тонна көлемінде тұқым әзірлеген, артылғанын басқаларға сатады.

Солтүстікқазақстандық диқандар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тұқым дайындап үлгердік. Біз 100% өз шаруашылығымызды тұқыммен қамтамасыз еттік. Тіпті сатуға да 3 мың тоннамыз бар. Биыл мемлекеттік қолдауға ие болдық. Тұқым мен химикаттарға субсидия алдық. Жанар-жағармайды да төмендетілген бағада берді», — деді «Тұқым» ЖШС атқарушы директоры Думан Елжанов.

Серіктестік 3 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыш сатып алған. Сондай-ақ шаруашылықтың карбамид-амиак қоспасын шығаратын жеке зауыты бар.

«Біз қысқа сабақты сорттардың еуропалық селекциясының тұқымын өндірумен айналысамыз. Бұл қатты бидай сорты. Жақсы өнім алу үшін алқапты жиі тыңайтып, байытып отырамыз. Еуропалық селекцияның жоғары сапалы тұқымдарына көштік. Жұмсақ бидайдың Қостанай және Квинтус сұрыптарын егеміз», — деді «Тұқым» ЖШС бас агрономы Евгений Дубов.

Солтүстікқазақстандық диқандар көктемгі дала жұмыстарына дайындықты бастап кетті

Алқаптарды зиянкестерден, арамшөптерден қорғау мақсатында жиі өңдеу жұмыстары да жүргізіледі. Серіктестікте  қажетті ауылшаруашылық техникаларының барлығы жеткілікті.

Тағы оқыңыз:Петропавлда жұмысшы құрылыс алаңында құлап, жарақат алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x